Путин Ресей президенті лауазымына ресми түрде кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин Ресей президенті лауазымына ресми түрде кірісті

07.05.2024

Бүгін Ресей президентін ұлықтау рәсімі өтті. Владимир Путин осымен 5-мәрте мемлекет басшысы лауазымын атқармақ. Ол Ресейді 6 жыл, яғни 2030 жылға дейін басқарады. Кремльде өткен салтанатты рәсімге Еуроодақ елдерінен Франция, Венгрия және Словакия елшілері қатысқан. Ресейде президент сайлауы наурыздың 15 мен 17-сі аралығында өтті. Елдің орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Владимир Путин сайлаушылардың 87.25 пайыз дауысын жинаған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу