Сенат төрағасы Ә.Молдағұлованың рухына тағзым етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Ә.Молдағұлованың рухына тағзым етті

09.05.2024

Мәулен Әшімбаев Жеңіс күніне орай қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сенат төрағасы соғыс жылдары қан майданда қаза тапқан басқа да жауынгерлердің рухына тағзым етті. Бейбіт күнді сыйлаған батырларды еске алуға арналған шараға еңбек және күштік құрылымдардың ардагерлері, әскери қызметшілер мен Сенат депутаттары қатысты. Палата спикері депутаттармен бірге бірқатар соғыс ардагерін құттықтады.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу