Семейде жеделсаты құлап, 6 адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде жеделсаты құлап, 6 адам жарақат алды

09.05.2024

Семейде жеделсаты құлап, 6 адам жарақат алды. Оқыс оқиға кеше түскі уақытта Әуезов даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Лифтте 6 адам болған. Рұқсат етілген салмақтан асып кеткендіктен сымдары үзіліп, кабина құлаған. Бұл туралы Семей қалалық әкімдігі мәлімдеді. Зардап шеккен азаматтар ауруханаға жеткізілген. Қаза тапқандар жоқ. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу