Жайықтың деңгейі түсіп, жағдай тұрақтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайықтың деңгейі түсіп, жағдай тұрақтады

09.05.2024

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында Жайықтың деңгейі шарықтау шегіне жетіп, жағдай тұрақтады. Қазір аудандағы Есенсай ауылдық округіне қарасты Тасоба ауылында тасқын су бұзып өткен кіреберіс жол қалпына келтіріліп жатыр. Өзен арнасынан асқанда жалғыз жолды су басып, ауылға көлік қатынасы үзілген еді. 140 учаскенің 68-ін су басты, қалғанын бұзды. Тасжолдарды қалпына келтіруге жергілікті әкімдіктермен қатар, «ҚазАвтоЖол» кәсіпорнының 9 облыстан келген 200-ден астам арнайы техникасы мен маманы жұмылдырылды. Олар Орал қаласы мен бірнеше аудандағы су құрсауында қалған ауылдарға жол ашып, көлік қозғалысын жандандырды.

Қайрат Оразбаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалының жүргізушісі:

Ақжайық ауданының Көнеккеткен деген ауылдық округінде суға қарсы бөгет салдық. Халық боп, әкім аппараты бар, әскери жігіттер болды. Енді осындай апаттар болмасын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Жолай Алдабергенов, Подстепный ауылының тұрғыны:

Подстепный ауылының плотинасын салуға екі жұма жүрді. Соларға біз ризамыз. Мына Алматыдан келген жігіттерге де. Бәрі де бір кісідей жұмылып, қызмет қылып, көмек көрсетті.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу