Алматы облысында шахматтан іріктеу турнирі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында шахматтан іріктеу турнирі өтті

06.05.2024

Алматы облысында шахматтан іріктеу турнирі өтті. Облыстық Мәслихаттың құрылғанына 30 жыл толуына орай өткен интеллектуалды ойынға мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Бұл турнир Сенат төрағасының бастамасымен, Қазақстандық Шахмат федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Тартысты бәсекеде 100-ден аса қатысушы бақ сынады. 9 кезеңнен тұратын іріктеуде әр ойыншыға 10 минут уақыт берілді. Жарыс соңында 25 ойыншы озық шығып, өңірлік іріктеуге жолдама алды. Тұңғыш рет өткізілген турнирді жыл сайынғы дәстүрге айналдыру жоспарда бар,-дейді ұйымдастырушылар.

Қуат Байғожаев, облыстық мәслихат төрағасы:

Қазір мектеп жасындағы балаларымыздың шахматқа деген құмарлығы өте артып келе жатыр. Әлемді бағындырып жатқан жастарымыз бар. 0253++ 0046 Қазіргі кезде 13 наурыздан басталып кетті. Бүгінгі 6 өңірде болып жатқан турнир. Алматы облысынан бүгін 12 спортшымыз қатысып отыр. 0112

Турнирге қатысушылардың бірі, Қонаев қаласы Мәслихат төрағасы Серік Нұрқаділов елімізде шахмат ойындарын кеңінен насихаттап, миға қозғау салатын спорттық шараларды жиі ұйымдастырудың маңызы ерекше екенін атап өтті.

Серік Нұрқаділов, Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы:

Президентіміз өз сөзінде айтқан болатын, Қазақстандағы Шахмат ойынын ары қарай дамыту, оның ауқымын кеңейту мәселесін көтерген болатын. Әрине, бұл қуантарлық жағдай. Өйткені, шахмат ойының ерекшелігі ойлау қабілетін жаңағы жастардың стартегиялық мақсат қою, одан кейін Шахмат ойынындағы жоспарлау деген үлкен нәрселерге септігін тигізеді. Сондықтан бұл жалпы қоғамға да өте қажет ойынның бірі.

Додада Шахмат Федерациясының өкілдері төрелік етті. Ал, 17 өңір мен 3 мегаполистен іріктелген жеңімпаздар күзде республикалық турнирде бақ сынайды.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу